Шулық блогер Сандуғаш Өсербайдың ұйымдастыруымен күйеуі қайтыс болған жесір әйелге баспана кілті табыс етілді. Аталған іс-шараға "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы қатысып қайтты.
Мешіт жанында жұмыс жасап тұрған "Төле би" қорының атынан сыйлықтар берілді. Қайырымдылық қорының қыз-келіншектері салтанатты шараға қатысып, жанұяға себет толы азық-түлік жеткізді.
Қуанышты ортақтасуға келген аудан тұрғындарына дастархан жайылып, мешіт имамдары шаңырақтың шаттығына құтты болсын айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі