Шу ауданында орын алған қайғылы жағдайды естіген мешіт қызметкерлері отбасының қайғысында жәрдем қолын созды.
Жеткіншек Нұралыұлы Рамазан суға ағып шейіт болды. Баланың асыраушы әкесі жоқ, ағасы мен анасы ғана бар. Тұрмыс жағдайы төмен отбасы үшін жаназа өткізу де қиыға соққан болатын. Шу имамдары 1 түнде көмеккке 650 000 теңге қаражат жинап, 1 қойымен бірге қаза болған баланың ағасына табыс етілді.
"Төле би" мешітінде қайтыс болған баланың асы беріліп, көпшілік Талғат Кәрібайұлы имамның артында жаназа намазын оқыды. Асқа жақындары мен көмекші болған кісілер келіп қатысты. Қаралы күннің кебін, кілем, қарыз ақысын төлеу сынды барлық шығынын мешіт өзі көтеріп, қызметін жасады.
Қайырымдылыққа разы болған Рамазанның анасы көмек қолын созған аудан тұрғындарына батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі