Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Ал-Хафиз» мешітінде айлық дастархан болып өтті. Жайылған рухани дастарханға ауданның бас имамы мен көрші ауыл имамдары қатысты. Дәмнен ауыз тиюге келген көпшілікке уағыз-насихат айтылды.
Ауыл тұрғындары бас имамнан мешіт істеріне қатысты имамдар жалақы ала ма, медресе оқыған баламыз оқу орнын тәмамдаса қандай маман иесі болып шығады, оған басшылық тарапынан жәрдемдер болады ма сынды сұрақтарына жауап алды.
Жиын соңы батагөй ақсақалдарымыздың игі тілек-дұғаларымен тәмамдалды.
Аудандық орталық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі