Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітіне арнайы іс-сапармен барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Ел үлесі пәтерге»: асарлатып үй соғу жобасы аясында соғылып жатқан баспананың құрылысымен танысты.
«Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулланың ұйымдастыруымен, ауыл кәсіпкерлері мен мешіт жамағатының демеушілігімен құрылыс жұмыстары қолға алынған. Аталған баспананың құрылысымен танысқан аудан имамы ауылдық мешіт имамы мен кәсіпкерлерге өз алғысын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі