#Меркі ауданы: Жат ағым жарылқамайды

#Меркі ауданы: Жат ағым жарылқамайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Ғабдулла Андас батыр ауылдық шекара әскери бөлімшесін зиярат етіп, Отан алдында парызын өтеп жүрген азаматтармен кездесіп қайтты.

Жиында сөз сөйлеген ауыл имамы: «Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.

Отанды қорғау – құрметті парыздың бірі. Себебі, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі көзді тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз, Алла жолында елін күзеткен көз», – деген.

Отанды сүю - патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет - отанға деген сүйіспеншілік. Отанға жанашырлықпен қарау, адал қызмет ету, халықты сыйлау, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті, сүннет жолы, мәзхабы, мемлекеттік рәміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын да құрметтей білу керек.

Жастарымызды жат ағым жетегінен алып қалу үшін осы аталған қасиеттерді бойына сіңіруіміз керек. Бұл қасиеттер ата-анасынан, ұстаздарынан және араласқан ортасынан дариды. сондықтан, ата-ана да, ұстазы да, және бала да осы айтылғандарды естен шығармай үнемі амалға асырып отыру керек. Алла елімізді, жерімізді қауіпсіз, бейбіт мекен қылғай! Әумин!», - деп сөзін аяқтады.

Алла Тағала еліміздің еңсесін биік, тәуелсіздігімізді мәңгі қылғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: