Әйел-қыздар секторы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу салтанаты өтті. Шәкірттерге жалпы Құран өзін көп оқыған адамға Қияметте шапағатшы болатыны және Құран оқу зікірдің ең ұлысы екені түсіндірілді. Әжелер алқасы мүшелері шәкірттерге насихат айтып, ізгі тілектер білдірілді.
Құранға түскен қыздарымыздың Алла Тағала зейіндерін ашып Кәләмін толықтай жаттауын нәсіп етсін. Хадистерде айтылғандай қиямет күнінде осы себепті ата-аналарына күн сәулесінің жарығындай тәж кигізсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі