Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы ауыл халқын сабырға шақырды.
Жергілікті әкімшілік ғимаратында ауыл ақсақалдары мен ауыл әкімшілігі жер мәселесіне қатысты жиын өткізген болатын. Жиынға заңсыз, халықтың хабарынсыз жайылым, егістік алқабтарының банкке кепілге қойылғандығы, шаруа қожалықтарына өтіп кетуі себеп болған.
Жиында сөз сөйлеген ауыл имамы Молдашев Нұрбол барлық нәрсені заң аясында шешу керек деп, халықты сабырға шақырды.
Жиын соңында, елімізді, жерімізді сыртын жаудан, ішін даудан сақтай көр деп Алла Тағалаға дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі