Шу ауданында дүниеден өткен "Айтқұл баба" мешітінің имамы, дін қызметінде бірнеше жыл бойы еңбек еткен Нұрлыханов Бақыт Базарбайұлының асы берілді.
Діннің жайылуына үлес қосқан, Шу ауданының құрметті азаматы, дін маманын шығарып салуға арналған жиынға Жамбыл облысының барлық аудандарынан қонақтар жиналды.
Көпшілік жаназа намазын оқып, құран бағыштады. Ас "Төле би" мешіттінде таратылып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамының уақытша міндетін атқарушы Ғалымбек Жапек келіп, марқұмның отбасына көңіл айтты.
Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев бастаған барлық имамдар қызмет атқарып, жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі