Ислам діні жеке адамның пайдасы үшін емес, қоғамның пайдасы үшін түскен. Сондықтан Алла Тағала бір-бірімізге қарайласып жүруді бұйырған.
Осы орайда, Меркі ауданы, Тәтті ауылы тұрғындары ауылға қарасты зейнетке шыққан апамыздың үйіне көгілдір отынын кіргізіп берді.
Ауданға қарасты ауылдардың 90 пайызы көгілдір отынды пайдаланып отыр. Бірақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін ауласына кіріп тұрған газ құбырын үйіне тартып алу қиын болып тұр.
Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың мұрындық болуымен ауыл тұрғынының разылығын алу мақсатында газ құбырын зейнетке шыққан апамыздың үйіне кіргізіп берді.
Апамыздың қуанышында шек жоқ. Осы игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына өз разылығын білдірді.
Алла Тағала араларымыздағы қарапайым отбасыларға қарайласып, бауырмал болуымызды нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі