Ислам діні тазалыққа маңыз берген. Сондықтан құлшылық ең бірінші тазалықтан басталады. Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің жастары Алла разылығын көздеп, мешіт дәретханасын тазалап берді.
Мешіт жамағаты дәретхана ішін толықтай тазалап, түскі намазға дайындап кетті. Мешітке келуші ағалар өз разылықтарын білдіріп, жастарға баталарын берді.
Алла Тағала барша мұсылманның мешіттер үшін жасап жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі