Тұрар Рысқұлов ауданды Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінің молдасы Омаров Ерғали әкімшілік қызметкерлерімен «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысып, тақырып бойынша өз пікірлерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Ауыл молдасы сөз алып: «Қасиетті Құранда: «Барлық мұсылмандар туыс-бауыр. Бауырлардың арасын жарастырыңдар!» (Бақара сүресі) делінеді. Ал пайғамбарымыз болса: «Мұсылмандар бір адамның ағзасы сияқты, бірі ауырса екіншісі көмекке келеді!» деп мұсылмандарды бір адамның ағзасына ұқсатады. Олай болса мұсылмандардың арасындағы бірлік, ынтымақ қазіргі заманда ең басты мәселелердің бірі саналады.
Қазіргі көптеген халықтар мен мемлекеттердің басына үйірілген қара бұлт, әртүрлі әлемдік теріс ниетті саясаттың құрбандығына айналуы осы ішкі бірліктің, ынтымақтың болмауынан туындап жатады. Себебі, бір халықты, бір елді өзінің айтқанына көндіру үшін көбінесе оның ішкі бірлігіне сына қағудан бастайды. Ақыр аяғында «бөліп ал да билей бер!» деген ұранға сай келіп ішкі ынтымағынан тіпті елдігінен айырылып қалып жатқан қаншама халықтар бар»,- деп кеңінен тоқталды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі