Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан аудандық әскери бөлімше қызметкерлерімен жүздесіп қайтты.
Кездесу барысында әскер қызметкерлеріне алғысын білдіріп, Отанымыздың тыныштығы үшін етіп жатқан қызметтері сауаптан болуын тілеп, рахметін айтты. Соңынан өмірдің қадірі, ата ананың қадірі, суицидтің зардаптары, Исламдағы харам істердің зияндары жайлы уағыз айтты.
Уағыз соңында қызметкерлер сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі