#Рысқұлов: «Ислам - ізгілікке шақырады» атты кездесу

#Рысқұлов: «Ислам - ізгілікке шақырады» атты кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Құлан ауылында орналасқан архивке барып, «Ислам - ізгілікке шақырады» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге архив мекеме қызметкерлері қатысып, діннен дұрыс әрі пайдалы мағлұматтар тыңдады.

Сұлтаншәріп қажы кездесуде:  «Ислам діні әрбір адамды басқаларға зиян тигізбеуге, керісінше қоғамға пайдалы болуға үндейді. Алла Тағала қасиетті Құранда: «(Уа, мүміндер!) Араларыңда (ел-жұртты) ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер» («Әли-Имран» сүресі, 104-аят) деп баяндайды.

Осы аятқа қатысты тәпсір жазған ғалымдарымыздың айтуынша, жақсылықты жақтап, жамандыққа қарсы тұру – ауыр іс болса да қадірлі, жауапкершілігі мол парыз амал. Өйткені өзі дәріптеп отырған абзал қасиеттер әуелі айтушының өз бойында болуы тиіс. Яғни сол ізгі амалдарды өзі жасауы керек. Осы мәселенің астарында жатқан терең мағынаны Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде баяндайды. Жұртты жақсылыққа шақырып жүрген бір пендені тозақтан көргендер таңғала сұрайды: «Уа, пәленше! Саған не болған, фәни дүниеде елді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыймаушы ма едің?». Сонда әлгі пақыр пенде: «Мен сендерді жақсылыққа шақырдым, бірақ оны өзім жасамадым, сендерді жамандықтан тыйдым, бірақ сол озбырлықтан өзімді тыя алмадым» деп жауап берген екен», деп қысқаша баяндады.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: