Бүгін Жамбыл өңірінің барлық имам-молдаларының басын қосқан жиында V Республикалық имамдар форумында қабылданған "Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі" құжаты таныстырылды.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Есет Таласбаев аталған құжатты жіліктеп жеткізіп, бірқатар маңызды мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтті.
Маман жамағатпен намаз өткізу кезінде дін мамандарының бірізділікте болуы үшін шариғи талаптарды, ұқыптылықты қажет ететін жайттарды тілге тиек етті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі