Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омаров Асқарбек пәтуа сағатын өткізді. Жиналған жамағат сұрақтарын қойып, берілген пәтуалармен таныс болды.
Ел арасында жүрген көкейтесті мазалаған сұрақтардың тұшымды жауаптарын алған жамағат имамға алғыстарын айтып жатты. Айта кететін болсақ, бұл берілген пәтуалар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесінде талдаудан өтіп, халыққа ұсынылған пәтуалар болатын.