Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы Түзелбеков Қуаныштың бастамасымен мешіт шәкірттері «1 айда 1 әдеби кітап» жобасын бастады. Жоба барысында бір ай ішінде 1 әдеби кітап толық оқылуы керек. Кейін сол кітап бойынша мешітте жиналып талқылау болады.
Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Иə, алғашқы бұйрығы «Оқы!» деп келген Ислам діні оқуға қатты көңіл бөледі. «Құранда оқы деген мағынаны білдіретін «қирағат» сөзінен тарайтын 87, жазу мағынасына келетін үш бөлек сөзден тарайтын 336, ғылым деген мəндегі жəне сол мəннен тарайтын 780 cөздің кездесуі бізге ой салуы тиіс». Бұл Жаратушы иеміздің мұсылмандарды оқуға көңіл бөлуге шақыратындығын ұқтыруда.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі