"Ж.Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков 1 маусым - Балалар күні мерекесіне орай жаңадан салынған балалар спорт кешенінің ашылуына қатысты.
Іс-шараға аудан, ауыл басшылары, ардагер ақсақалдар, әжелер қатысты. Ауылдың қариялары "бисмилләһ" деп лентасын қиып есігін ашты. Ал ауыл имамы бата беріп, балалардың болашағының жарқын болуын тіледі.
"Байрағымыздың биіктігіне, ел аман, шекараның бүтіндігіне шүкір және балаларға осындай қуаныш сыйлаған әкімшілікке алғыс. Ең бастысы ризық беруші, жоққа сабыр, қанағат, барға шүкір, ынсап берген жаратушы Аллаға сансыз мадақтар болсын" - деді имам өз сөзінде.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі