Қайырымдылық - адам жанының нұры. Жаны жайсаң жандардың себебімен қоғамда мейірім орнап, мұсылманшылық жасалуда.
Ауылдың 1986 жылғы ұл-қыздары бір бас тана сойып, етін құдайы етіп шикідей 8 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратты. Аталған қайырымдылық үшін 200 000 мың теңге қаражат жұмсалды. Ал 1995 мектеп түлектері мешітке 100 000 теңге тұратын 2 титан сыйлады. Түлектер сонымен қатар тұрғындарға арнап ұлттық спорт ойындарын ұйымдастырды.
Осындай бір игілік көршілес мешітте орын алып, ауыл әкімшілігі мешітке гүл суғару үшін 50 м шланг тарту етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі