#Шу: Ауыл имамы соңғы қоңырауда жастарға бата берді

#Шу: Ауыл имамы соңғы қоңырауда жастарға бата берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ж.Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәл Бердібеков мектеп оқушыларының соңғы қоңырауына арнайы шақыртумен барып қатысты. 

Имам жастарға ақыл-кеңесін айтып, батасын берді. "Мектеп қасиетті есім. Тарыдай болып кірсең, таудай болып шығарсың. Бәріміз де осы мектептен өсіп-өндік. Үлкенге құрмет кішіге ізетті, жақсы мен жаманды, сымдай тәртіпті осында үйрендік. Осының арқасында Алламызды да таныдық. Сол үшін де Аллаға шүкір. Көзімізді ашқан ұстаздарымызға, ата-аналарымызға  бас иіп тағзым етеміз" - деп атап өтті имам өз сөзінде. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: