Аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы "Әжелер алқасы" мүшелерімен бас қосу өткізді.
"Әжелер алқасының" мүшелері жастарға насихат айтып, кешке жиналған қонақтар мен жаздық сауат ашу курсының шәкірттеріне "Білім алу - үлкен нығмет" тақырыбы аясында уағыз жүргізді.
Ақ жаулықтылар ата-аналарға балаларды жастайынан өмірлік білім дін ілімін үйретіп, әрі тәрбие беріп жатқандарына алғыс білдірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі