Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді. Исламның бес тірегінің бірі – қажылық құлшылығы турасында уағыз айтылды.
«Қажылық» (әл-хажжу) сөзі араб тілінде «құрметті орынды зиярат ету» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатымызда ай күнтізбесі бойынша зул-хижжа айында Алла Тағалаға құлшылық ету үшін қасиетті Меккеге барып, бекітілген рәсімдерді орындауды қажылық деп атаймыз. Жаратқан Алла Тағала қажылыққа ниет еткен қажыларға мол сауап нәсіп етіп, жәннатпен сүйіншіленген «Мәбрур қажы» болуды жазғай!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі