"Әл-Құддыс" мешітінде мерейтой қонақтарына ас берілді

"Әл-Құддыс" мешітінде мерейтой қонақтарына ас берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүнген этносының қазақ жеріне келгеніне 145 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерейтойдан соң барлық қонақтар Масаншы ауылы "Әл-Құддыс" мешітінде берілген асқа қатысты.

Шара басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Кенжеәлі Қоңыратбайұлы құран оқып дұғасын жасаса, соңында құранды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев оқыды.

Шараға Ресей, Қытай сынды шет елдердік және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қонақтар, ел ағалары, шенеуліктер қатысты. Әр өңірден келген меймандарға арнайы дастархандар жайылып, жылы лебіздер білдірілді. Жиын соңы Құранмен және ұлттар ауызбіршілігі жайлы дұғамен аяқталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: