Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев кезекті сапарымен ауылдарды аралап, Степной ауылдық "Білім" мешітіне, Жаңатұрмыс ауылдық мешітіне және Қайнар ауылдық мешіттеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында мешіт сөрелерінде ҚМДБ және ҚР сараптау комиссиясы мақұлдаған әдеби кітаптардың тұруын, мешіт атауының қазақша жазылуын және садақа жәшігінің заңға сай мөрленуін еркертті.
Аталған мешіттердің жамағатымен жүздесіп, танысып, сұқбат құрған бас имам рухани жетекші болған имамдардың қызметінде жәрдемші болуға шақырды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі