#Қордай: Ауыл боп Аудан бас имамын құрметпен қарсы алды

#Қордай: Ауыл боп Аудан бас имамын құрметпен қарсы алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Қақпатас ауылы "Қақпатас" ауылдық мешітін зиярат етіп барды. Қазақтың 7 жастағы бала сапармен келсе, 70-тегі қария сәлем береді деген даналығына сай аудан бас имамын ауыл әкімі, ауыл имамы, Ауыл биі, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,  Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, мешіт жамағаты жиналып бірге қарсы алды. 

 Бас имам мешітті аралап, көпшілікпен тілдесіп, жасы үлкен қариялардың батасын алды. Ауылдың арқа сүйер азаматтары ауылда діни мәселелердің жоқтығын тілге тиек етіп, ауызбіршілігі мықты, айрандай ұйып отырғанын берекелі ауыл екенін жеткізді.

Көпшілік 25 жылдан бері ҚМДБ қызметінде жүрген ауыл имамы Жармаханбет Тәнекеевке риза екендерін жарыса айтты. Айта кетейік, осы разылықтан ауылдықтар жиналып, наурыз айында ризалығын білдіріп, ауыл имамына темір тұлпар мінгізген болатын. 

Ауылдың берекеге толы ахуалын көрген бас имам көңілі толып, алғысын жаудырып қайтты. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: