Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев Сарыбұлақ ауылдық "Сахаба" мешітін зиярат етіп, аралап қайтты. Іс-сапары барысында мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл имамына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Зерделеу барысында мешіт атауының қазақша жазылу керектігін, тазалыққа мән беру қажеттілігін және садақа жәшігінің заңға сай мөрленуін ескертті. Сонымен қатар имаммен сұқбаттасып, ауылдың діни хал-ахуалы жайлы мағұлмат алды.
Шарадан соң бас имам ауыл әкімі Бахтияр Әбеновпен кездесті. Жиынға ауыл ақсақалдары қатысты. Аудан бас имамы ауылдағы діни мәселелерге қатысты, қандас бауырлар арасындағы жайттарға байланысты сұрақтарға жауап берді.
Ауыл әкімі мен қариялар бас имамды қызметімен құттықтап, батасын беріп, сәттілік тіледі.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі