Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен ауылдағы балаларға балмұздақ таратылды.
Ауыл жастарынан құралған еріктілер тобы атсалысқан осы іс-шараның мәні, жас жеткіншектерді татулыққа, бауырмалдыққа және жомарттыққа үйрету. "Бала тілі-бал" демекші балалардың былдыр-былдыр сөйлегені, сыңғыр-сыңғыр күлкісі бейбітшіліктің нышаны десек, сол нығметтен Алла бізді айырмағай!