«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Осы қиын бір кезеңде мұқтаждарға көмек қолын созатын мешіттеріміз көп. Және аталған мешіттер арқылы жәрдем етуші демеушілер де баршылық. Атап айтсақ, мектеп бітіргендеріне 30 жыл болған түлектер 5 отбасыға мешіт арқылы азық-түлік жеткізді.
Сонымен қатар жұма күнінің құрметіне "Хати Сауранбайұлы" мешіттің имамы Бақыт Серікұлының ұйымдастырумен 1 қой сойылып, еті мен азық-түлік 3 отбасыға таратылды.
Ал көпшілікке көмек қолын созатын мешітке Далакайнар ауылының жастары мектеп бітіргендеріне 10 жыл болғанының құрметіне 3 қазан, 1 титан, екі шәугім сыйға тартты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі