Қаратау қаласы, "Әбдірашит ата" мешітінің ұстазы, жастар ісінің Талас ауданы бойынша маманы Жанұзақ Рысбекұлы Талас ауданы, "Мағжан Жұмабаев", "Ақкөл", "Алғабас" атындағы орта мектептерінде бітіруші түлектермен "Ислам діні экстремизм, терроризмге қарсы" тақырыбында іс- шара өткізді.
Шараның мақсаты - ата-анасынан жырақтап, ай дейтін ажа қой дейтін қожа жоқ жерде адамды адамдықтан айнытпай ұстап тұратын күш- берілген дәстүрлі діни құндылықтар екенін ұқтыру және сол бағытта иммунитет қалыптастыру. Жастардың сыртқа шығып оқуы кезінде душар болатын, діни, әлеуметтік, психологиялық, келеңсіздіктерге сақадай дайындау болатын. Тиісінше аталмыш шарада жас өрендермен еркін тақырып аясында әңгіме өрбітіп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасумен ұласты. Соңынан оқушыларға алдағы келе жатқан емтихандарынан жақсы бағамен өтулеріне тілек білдірді.