#Байзақ: «ІЗГІ ҚОҒАМ – ӨЗІНДІ ӨЗГЕРТУДЕН БАСТАЛАДЫ»

#Байзақ: «ІЗГІ ҚОҒАМ – ӨЗІНДІ ӨЗГЕРТУДЕН БАСТАЛАДЫ»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінде «Ізгі қоғам – өзінді өзгертуден басталады» тақырыбында ауыл имам-молдаларына көшпелі аймақтық  семинар өтті.

Семинарға Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және бес аймақ жетекшілерімен, бірінші аймаққа қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.

Ғалымбек Төлегенұлы: «Имам – ұлағатты лауазым. Имам  атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, өз арыңдай таза ұстау – әр имамның борышы. Ісіне  деген адалдық  қана оның қадір-қасиетін арттырып, құрметке бөлейді. Жамағатын Алла Тағаланың иләһи ілім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар сілтеу имамның басты еңбегі.  

Жалпы мешіттің, имамның  негізгі мақсаты – рухани кәміл, ізденімпаз, адамгершілігі мол, иманды қоғам мен иманды тұлғаларды қалыптастыру болып табылады. «Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы да, сана-сезімі де өзгеруі өте маңызды», – деп Бас мүфти Серікбай қажы Ораз атап өткендей қоғамды өзгерту өзімізді өзгертуден, ең алдымен жеке тұлғамызды тәрбиелеуден бастау алады», - деді.

       Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: