Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатқа «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында «қонақжайлық» турасында кеңінен уағыз айтты.
Әр халықтың бойында ежелден қалыптасқан белгілі-бір қасиеті болады. Көңілінің дарқандығы, кеңдігі һәм жомарттығымен танылған қазақ халқының қанына сіңген осындай қасиеттің бірі – қонақжайлық. Қонақжайлық ең алдымен пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан ұлы міндет екенін терең түсініп, осы бір тағылымы мол қасиеттің кейінгі ұрпаққа жетуіне атсалысқанымыз абзал.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі