#Рысқұлов: Ауыл имамы Көкпарда бата берді

#Рысқұлов: Ауыл имамы Көкпарда бата берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық «Қорағаты» мешітінің имамы Байғожаев Нұрдәулет ұлттық дәстүрді дәріптеп, көкпар ойынына арнайы барып қатысып, шабандоздарға ақ батасын беріп ойынды ашып берді. Ауылда өткен көкпарға ауылдың 30-ға жуық шабандозы қатысып, дәстүрлі ойынды дамытуға аз да болса да үлестерін қосты.

"Көкпар" түрікше "кок бору" (көк бөрі) сөзінен аударылған. Ертеректе айтылған аңыздарға сүйенсек , қойды соққан қасқырлар бөлтіріктеріне тушасын апарып отырған, бөлтіріктер оған таласып, бірін-бірі қуып ойнаған. Содан кейін адамдар оны бөлтіріктер ойыны, немесе "көк бөрі" атауы осыдан шыққан. Ойын арқылы шабандоздың ғана емес, сонымен бірге аттың да мықтылығы сыналады. Көшпенділер бұл ойын кезінде физикалық қабілеттерін жетілдіруге аса мән берген. Сондықтан да ойын ел арасында кеңінен танылған. Жер, су, жем-шөп үшін талас көшпенділер арасында жиі болып тұратын еді. Ел арасында қақтығыстар болмаған кезде де, жас жігіттер өзін бабында ұстап, кез-келген соғыста жауға тойтарыс беру үшін көкпарға қатысуды жөн санаған.  

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: