Меркі ауданы, Тәтті ауылында Асанбай Асқаров атамыздың атынан ас берілді. Осыған байланысты, атамыздың ұрпақтары атамыздың туған жері Тәтті ауылында ұлттық ойындар, аламан бәйге, көкпар және т.б. ұйымдастырды.
Асқа арнайы шақырылған Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мерейтойда сөз сөйлеп, атамыздың рухына Құран бағыштап, сыйлы қонақ болып қайтты.
Айта кетейік, қыркүйек айының 15-ші жұлдызы Асанбай Асқаров атамыздың 100 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. Үлкен ас беріліп, еліміздің сыйлы азаматтары қонақ болып, ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылған болатын.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі