Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Жұма намазынан кейін Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде жамағатқа палау берілді. Апта сайын мешітте ұйымдастырылатын шара жалғасын тауып, көптеген бауырларымыз ат салысуда.
Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі