Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен өңірге арнайы ат терлетіп келген РАНТ мүшесі Мәди Ахметов Масашы ауылында орналасқан "Қордай Құран қарилар дайындау" орталығының ұжымымен кездесті.
Медресенің жай-күйі, дәріс мәселері, Құран сабақтарынан басқа насихат, уағыз жүргізу жайы талқыланды.
Мамандар ұстаздардың хал-ахуалын сұрап, шәкірттердің үлгерімі жайлы сұқбаттасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі