Жамбыл облысында бірнеше кәсіпорын халал сертификатын жаңартты. ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының өңірдегі өкілі Аблайхан Ғабитұлы кәсіпкерлерге куәлікті табыстап, астың адалдығын, кәсіптің берекесін тіледі.
"ҚМДБ Халал" сертификатын кезекті тексеруден сәтті өткен ЖК "Тындыбаев" шұжық өнімдері, ЖК "Сайдазимов" жартылай фабрикат өнімдері және ЖК "Пышка" жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын кәсіпорындар алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі