Шу ауданы "Төле би" мешітінде құптан намазында Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Есеней Қалжанов жамағатпен жүздесті.
Керітартпа ағымдарға қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көпшілікке оның зиянын, қоғамға алып келіп жатқан проблемаларын тілге тиек етті.
Діни білімді тек мешіт имамдарынан алуға және жат ағымның белгілері бар адамдардан өзін аулақ ұстауға шақырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі