#Рысқұлов: «Жетім көрсең жебей жүр» акциясы жасалды

#Рысқұлов: «Жетім көрсең жебей жүр» акциясы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының бастамасымен «Жетім көрсең жебей жүр» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асты. Қайырымдылық акциясында Құлан ауылында орналасқан «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу» орталығына мешіттен арнайы кілемдер берілді.

«Жетім көрсең жебей жүр» акциясы мешіт қызметкерлерінің биылғы жылдан бастап қолға алынып, жоспарға енген «Ізгі қоғам» бағыты бойынша іске асырылды. Сонымен қатар, аудандық мешіттің бас имамы мен наиб имамы Қуаныш Досымжанұлы орталықтағы балалардың тәрбиесі мен даму процесін бақылап, арнайы дайындалған дамыту бөлмелерімен танысып қайтты.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: