#Қордай: Қайырымдылық - адамгершіліктің белгісі

#Қордай: Қайырымдылық - адамгершіліктің белгісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.

Осы игі қайырымдылық шарасы Қордай ауданына қарасты мешіттердің ұйытқы болуымен бірнеше мешітте жасалды.

Аудандық "Қордай" мешіті, "Сарыбұлақ" ауылдық мешіті, "Бетқайнар" және "Қақпатас", "Кенен" мешіттері мен Қаракемер ауылдында орналасқан 2 мешітте мұқтаж отбасыларға көмек берілді. Жалпы аудан бойынша азық-түлік, қаржы сынды түрлі жәрдем түрімен 40 адамға көмек беріліп, 250 000 теңге жұмсалды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: