Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы «Өрнек» мешітінің молдасы Нұргелді Рахметилдаевтің ұйымдастыруымен Қасиетті жұма күнінің қарсаңында «Қайырымды жұма» акциясы қолға алынып, қайырымдылық жасалды.
Бұл қайырымдылықта 3 тұрмысы төмен отбасыға аса қажетті азық-түліктермен көмек көрсетілді. Қайырымдылық акциясына «Садақа – береке кілті» деген қанатты сөзді басшылыққа алған жаны жомарт ауыл тұрғыны себепші болып, қайырымды іс жасады. Азық-түлікке бас аяғы 60000 теңге қаражат жұмсалды.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі