Қордай ауданына қарасты спорт мектептері арасында жарыс өтті. Қазақ дәстүрін, қазақ тілін көтеру, дамыту мақсатында өткен іс-шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен ауылдық "Рахман" мешітінің имамы Нұрмұхаммед Сәбитұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейітханов төрешілік етті.
Бас имам көпшілік алдында сөз сөйлеп, спортпен айналысудың пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетінен екенін, оның пайдасы мен жастардың салауатты өмір салтын ұстануы құптарлық іс екенін жеткізді.
Төрешілер спорттық дода соңында жеңімпаздарды марапаттап, грамота мен медальдарды табыстады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі