Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысына қарасты аудандардың бас имамдарымен мәжіліс жасалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен өткен жиында түйіткілді мәселелер қарастырылды.
Жаңа оқу жылына "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне өңірлерден шәкірттер ұсыну, аудандарда болып жатқан діни ахуал, әйел ұстаздардың кадрлық жағдайы, ашылғалы отырған Айша бибі ауылындағы "Қайырымдылық мекемесінде" жасалатын іс-шаралар талқыланды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі