Жамбыл облысында "Әдеп кеңесі" құрылды

Жамбыл облысында "Әдеп кеңесі" құрылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында имамдардың қызметтік міндеттерін кәсіби әрі жауапкершілікпен атқаруын және діни қызмет барысында әдеп ережелеріне сай қызмет етуін жүйелеу мақсатында «Әдеп» кеңесі құрылды.

2 жыл бұрын бірінші болып Бас мүфти Науызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ жанынан «Әдеп» кеңесі құрылған болатын. Кеңес – асыл дініміздің абыройын қорғауын, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруын, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруын, тағы басқа да діни қызметтегі әдеп пен этиканы сақтауын қамтамасыз етеді.

Діни рәсім мен діни қызметтің сапасын арттыру мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірдегі "Әдеп" кеңесінің құрамын жасақтап, олардың атқаратын қызметіне тоқталды.

Комиссия мүшелері ретінде осы уақытқа дейін "Әдеп кеңесіне" жауапты болған "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Әбжаппар Әмір комиссия төрағасы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп Джадыраев комиссия мүшесі болып сайланды.

Барлық аудан имамдары аталған тағайындауға бір ауыздан келісті. Айта кетейік, аталған кеңес мүшелері имамның киім үлгісі, дін қызметкерінің сөйлеу әдебі, дін қызметкерінің бақ беттеріне сұқбат беру әдебі, мәжіліске қатысу әдебі бойынша дін мамандарын қадағалап, арнайы семинарлар да өткізетін болады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: