Жамбыл ауданы Қаракемер ауылы «Қаракемер» мешітінің ұйымдастыруымен «Жылулық сыйла» жобасы аясында қайырымдылық науқаны өтті.
Аталмыш науқан әл-ауқаты төмен 4 ауылдық отбасыны қамтыды. Оның ішінде, 25 000 теңгеден 2 отбасыға қаржылай көмек көрсетілсе, қалған 2 отбасыға азық-түліктей көмек берілді. Аталған азық-түліктей көмекке 53 000 теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған отбасылар ауыл имамы мен мешіт жамағатына алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



12 Июнь 2026
26 Зуль-хиджа 1447

