Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты барлық мешіттердің ат салысуымен «Өліге құрмет – тіріге міндет» атты тазалық науқаны өтті.
Науқан барысында Байзақ ауданына қарасты марқұмдар жерленген мазараттар қоқыстан тазартылды. Тазалыққа мешіт қызметкерлері, жамағаттары және ауыл тұрғындары қамтылды.
Науқан барысында мешіт имамдары Қамқор шарапат жобасын тілге тиек етіп, мәйітті реттілікпен жерлеу, қабір басына ғимарат тұрғызбау сынды мәселер мен қабір басына келу әдептері түсіндірілді. Жалпы аудан бойынша 9 қорымда тазалық жұмыстары атқарылды.
Аудандық "Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі