1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Жамбыл ауданы Гродиково ауылының мәдениет үйінде аудан әкімінің этномәдени бірлестіктерін қабылдауы өткен болатын.
Шараға ауданымыздың «ардагерлер кеңесінің» төрағасы Бақыт Уалиұлы, «Аналар кеңесінің» төрайымы Райкул Қалмаханбетқызы және Қаламаңы ауылының имамы Ансар Абилов мен ауданымыздың бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да қатысқан болатын. Аталмыш шарада аудан әкімі ақ дастархан жайып, келген қонақтарға «халықтар достастығының өміршең рәмізіне айналған мерейлі мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, өңіріміздің өркендеуіне және азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтауға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз» - деген мәтіндегі алғыс хаттар табыс етті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі