Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы әкімшілігінде «Бектөбе» мешітінің имамы Ғани Жанұзақұлының қатысуымен ауыл тұрғындарына арнап, «Лаңкестік дегеніміз не?» деген сауалға кеңінен жауап беріп, насихат өрбітті.
Осынау бірлікке ұйыған жүздеген ұлттардың ынтымақты мекеніне айналған елдің тыныштығын бұзғысы келетін топтар дінді желеу етіп, дүйім жұртты дүрліктіргені көңіл қынжылтады. Алды-артын ойламаған кейбір азаматтардың исламның атын жамылған дінбұзар ағымдардың арбауына еріп, ислам құндылықтарын аяқасты етіп, халықты әбігерге салғаны, расында, өкінішті жайт.
Дін ұғымы – адамзатты бақытқа бастаушы, жақсылыққа жетелеуші, санаға салмақты ой салып, кемелдікке жеткізуші институт. Жалпы адами құндылықтарды басшылыққа алатын асыл дініміз Ислам да жазықсыз адамның өміріне, ар-намысына, жеке мүлкіне қол сұғуға, басқыншылық жасауға қатаң тыйым салады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі