"Қордай" орталық мешітінде мың айдан қайырлы қадір түніне орай әйелдер жамағаты бас қосып, қадір кешін бірге құлшылықпен өткерді.
"Қасиетті Қадір түні" атты қоғамдық іс-шарада ҚМДБ Жамбыл облысы Қордай ауданы Әйел-қыздар секторының ұстазы Эльмира Аманқожақызы "Қадір түні" туралы насихат айтты.
Көпшілік дастархан басында бас қосып ауыз ашты. Түні бойы нәпіл құлшылықтар жасап, уағыз тыңдап, сәресін де бірге ішті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі