Аудандық "Қордай" мешітінде "Рамазан - мейірім айы" атты қоғамдық іс-шара өтті. Дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиын Рамазан айында 4 топқа бөлініп ауызашар өткізумен ерекшеленді.
Мешіт шәкірттері 4 топқа бөлініп, өзара жақсылықта жарысты. "Ризық", "Сабыр", "Тәуекел", "Кәусар" топтары кезекпе-кезек ауызашар жасап, өзге топтарды қонаққа шақырды. Шараның мақсаты - әйел-қыздарға ауыз аштыру, ысрапқа жол бермеу, дұрыс тамақтануды насихаттау, Алланы еске алып, екі дүниеге пайдалы отырыс өткізу болатын.
Сайыс нәтижесіне сай "Сабыр" тобы бас жүлдені жеңіп алды. Ал 1-орынды "Тәуекел" тобы, 2-орынды "Кәусар" тобы, 3-орынды "Ризық" тобы иеленді. Игі істе жарысқандарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі