ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қордай өңіріндегі ұстазы Эльмира Аманқожақызы мешіт жамағатына "Мұсылман әйелдің бейнесі" тақырыбында уағыз айтты.
"Уағыз насихат және Ихсан" бағыты бойынша жасалған кезекті насхатта ұстаз Құран мен хадистен дәлелдер келтіріп, әйелдің дәрежесі, құқықтары белгіленген мәселелерді сөз етті.
Алла тағаланың әйел мәртебесін көтергендігі, соған лайықты, салихалы тұлға болуға талпыну, орамалдың ар-намыстың қорғаны екені сөз болды. Көпшілік өз сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі