Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылының имамының ұйымдастыруымен Али Ахметов жеке көлігімен Тараз қаласына ауыл тұрғындарын тасымалдап, бейсенбі, жұма, сенбі күндері тегін қызмет көрсетті.
Ауыл азаматының бұл ықыласты тірлігіне ауыл тұрғындары баталарын жаудырып жатыр. Әркім Алла берген мүмкіншілікпен ахрет қамын жасауға талпынса, қоғамда ізгіліктің жайылғаны сол болмақ. Осы орайда, Алиге Ахметов алғысымызды білдіреміз!
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі